2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, Мерей көшесі, 11 үй.
Шортанды ауданында білім беру саласында 6 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2025 жылы білім бөлімінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында 71 мемлекеттік қызметтер көрсеттілді.
Оның ішінде:
- электрондық үкімет порталы арқылы - 3 мемлекеттік қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-0 мемлекеттік қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 68 мемлекеттік қызмет;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы-0 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту электрондық форматта 3 өтінім бойынша ұсынылды.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған http://sc0030.shortandy.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754
мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.
Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ресми интернет-ресурстар мен ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2025 жылы 5 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2025 жылдың кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Ішкі мемлекеттік бақылау Бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Шортанды ауданы бойынша ескертулер жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.